Қ. Келімбетов Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық саясаты жайлы айтып берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетовтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Оның барысында бас банкир БЖЗҚ қаржысы қай бағытта инвестициялатыны жайлы айтып берді.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері әдеттегідей мемлекеттік құнды қағаздар мен квазимемлекеттік сектордағы ұйымдардың құнды қағаздарын сатып алуға бағытталады. Сондай-ақ, кей бөлігі екінші деңгейлі банктерде 5-10 жылдық мерзімге депозит ашылып, соған салынады. Қордың табыстылығын әртараптандыруға септесетін өзге де құралдар пайдаланылады», - деді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов.

Бас банкирдің айтуынша, жақында Ұлттық банк БЖЗҚ активтерін инвестициялау туралы концепция әзірлеуді аяқтап, кеңейтілген отырыста таныстыратын болады.

Соңғы жаңалықтар