Қ.Бердімұхамедов Ашхабатта өткен автожарыстың жеңімпазы атанды

None
None
АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат - Түркіменстан астанасында  ұйымдастырылған автожарыста күтпеген оқиға болды,

деп хабарлады  РБК сайты.

 Бәсекені көруге келген түркімен президенті Қурбанқұлы Бердімұхамедов жайлы көрермендерге хабарланғаннан соң ол ұйымдастырушыдан " қатысуға бола ма?" ,-деп сұрады.

Президентке ешкім қарсылық білдіре алмады. "Рұқсат берілісімен" Бердімұхамедов Түркияда құрастырылған Volkicar спорт машинасымен жарыс жолына шықты. Бәсеке сәтті аяқталды. Ол мәреге бәрінен озып келді.

Автожарыс ұйымдастырушылары Түркіменстан президенті мінген Volkicar көлігінің ұлттық спорт мұражайына табыс етілетіндігін хабарлады.

Соңғы жаңалықтар