«Junior Eurovision» ұлттық байқауының 12 финалисі анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Junior Eurovision 2020» ұлттық байқауының финалына өткен 12 орындаушы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Финалистер үшін онлайн дауыс беру jevision.khabar.kz сайтында жүргізілді.

Дауыс беру нәтижесінде жоғары ұпай жинап, ақтық кезеңге өткендер:
1. Сайполда Ислам
2. Бұрханова Әдия
3. Жұмажан Айдана
4. Манарбекқызы Ақжібек
5. Маким Жан
6. Мұқитанова Айым
7. Газизқызы Камила
8. Алтынбекқызы Сания
9. Тұрсынова Махинур
10. Кұсанова Нұршат
11. Тілеубек Айкерім
12. Башанова Қарақат

«Junior Eurovision» ұлттық байқауының гала-концерті және жеңімпазды анықтау 26 қыркүйек күні өтеді. Жеңімпаз SMS-дауыс беру және қазылар алқасының ұпай сандарымен таңдалып, ол 29 қараша күні Польшада Қазақстан атынан өнер көрсететін болады.

Шешуші кезеңде 12 финалист отандық композиторлар өздеріне арнап жазған әнді орындайды.

Айта кетейік, «Junior Eurovision 2020» ұлттық байқауына қатысуға алғашында 600-ден астам үміткер ниет білдірді. Қазылар алқасы келесі кезеңге олардың 30-ын ғана іріктеп алды. Финалға 12 орындаушы өтті.

Қазақстан «Junior Eurovision» байқауына осымен үшінші рет қатысқалы отыр. 2018 жылы Данелия Төлешова сайыста 6-орын алса, 2019 жылы Ержан Максим 2-орынға (қазылар алқасының шешімімен – бірінші) қол жеткізді.



Соңғы жаңалықтар