+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Junior Eurovision: Ержан бүкіл түркі әлемінің намысын қорғайды – Ерлан Бекхожин

2019 жылғы 15 қараша 15:35
Бөлісіңіз:
Junior Eurovision: Ержан бүкіл түркі әлемінің намысын қорғайды – Ерлан Бекхожин

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ержан Максим Junior Eurovision байқауында бүкіл түркі әлемінің намысын қорғайды. Бұл туралы «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ержан ертең Польшаға ұшып кетеді. Ол жақта «Балалар Еуровидениесіне» қатысады. «Хабар» агенттігі Еуропалық хабар тарату одағының қауымдасқан мүшесі саналады. Бұл, бізге өз кандидатымызды ұсынуға мүмкіндік береді. Осы жолы біздің атымыздан қабілетті, талантты, дарынды Ержан Максим қатысады«, - деді Е.Бекхожин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, 19 елдің жас әншілері арасында өтетін байқаудың 24 қарашадағы финалын «Хабар« телеарнасы тікелей эфирден көрсететін болады. Байқау ережесіне сәйкес, жеңімпазды телекөрермендердің дауыс беруі мен құрамына 3 ересек және 2 бала кіретін байқауға қатысушы елдердің төрешілері анықтайды.

»Негізінен Еуропалық одақ елдерінің өкілдері қатысады. Айта кетерлігі, Ержан бүкіл түркі әлемнің атынан өнер көрсетеді. Себебі Әзербайжан мен Түркия биыл өз кандидаттарын қатыстырмайды. Сондықтан біз оған үлкен үміт артып отырмыз. Сарапшылар оның мүмкіндігіне жоғары баға беруде«, - деді ол.

Бұған дейін қазақстандық жас әнші Ержан Максимнің Польшаның Ливице қаласында өтетін Junior Eurovision музыкалық байқауына қалай дайындалып жатқанын хабарлаған едік.

Айта кетейік, 18 қараша күні Junior Eurovision музыкалық байқауының ашылу рәсімі өтіп, жас әншілер арасында жеребе тарту рәсімі өтеді. Сол арқылы Ержанның «Арманыңнан қалма« әнімен сахнаға шығатын реттік нөмірі анықталады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT