Junior Eurovision байқауының келесі кезеңіне өткен 30 қатысушының есімдері анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Junior Eurovision» халықаралық байқауы Ұлттық іріктеуінің қазылар алқасы финалға өту үшін бақ сынасатын 30 қатысушыны анықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат «Хабар» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

12 финалистің есімдері jevision.khabar.kz сайтында дауыс беру арқылы белгілі болады. Онлайн-дауыс беру 22 тамыз күні сағат 00.00-де басталып, 31 тамыздың түн ортасына дейін жалғасады.

Қазақстанның барлық өңірлерінен барлығы 684 өтінім келіп түсті. Бастапқы кезеңде ұйымдастырушылардың музыкалық департаменті 72 өтінімді іріктеді. Олардың арасынан қазылар алқасы 30 қатысушыны таңдап алды.

Келесі кезеңнің қатысушылары:

Абдрахманова Жанерке

Алтынбекқызы Сания

Балгазина София

Башанова Қарақат

Бекжан Назарбек

Бурханова Адия

Ғазизқызы Камила

Гилёва Камила

Жұмабай Әбілқайыр

Жақыпбеков Нұрмұхаммед

Жұмажан Айдана

Заушева Айлун

Қалдыбек Жанель

Кузденбаева Камилла

Кунадилова Адель

Кусанова Нұршат

Маким Жан

Максимов Мирас

Манарбекқызы Ақжібек

Мукитанова Айым

Нұржанова Акнұр

Өмірбайұлы Сағын

Сағынбаева Алина

Сайполлда Ислам

Тілепова Дильназ

Тілеубек Әйкерім

Тілеуінбетова Жасмин

Төлеубай Дінмұхаммед

Тұрсынова Махинұр

Шерхан Арыстан

Ұлттық іріктеудің қазылар алқасының құрамында «Қазақконцерт» Мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдоллаұлы, «Хабар» телеарнасының директоры Динара Бисембина, әнші-композитор Қайрат Баекенов, композитор Хамит Шаңғалиев, Димаш Құдайбергеннің саундпродюсері Ерлан Бекчурин, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының деканы, продюсер Бағым Мұхитденова және халықаралық музыкалық байқаулардың жеңімпаздары - Жанар Дұғалова, Әміре, Dinaya және Мәди Сыздықов болды. Сондай-ақ, Ұлттық іріктеуге арнайы шақырылған әділқазы мүшесі - белгілі композитор, продюсер, «Eurovision Song Contest» ән байқауындағы Әзербайжан делегациясының жетекшісі Иса Меликов те қатысты.

«Junior Eurovision» байқауының Ұлттық іріктеуінің финалы 26 қыркүйек күні «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде өтеді.

Жоба ұйымдастырушылары іріктеудің бірінші кезеңіне қатысқан барлық жас орындаушыларға алғыс айтып, барлық қазақстандықтарды jevision.khabar.kz сайтынан ең мықты қатысушыға дауыс беруге шақырады.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш байқауға Қазақстанның осымен үшінші мәрте қатысуы - «Хабар» агенттігінің 2016 жылдан бері Еуропалық хабар тарату одағының (ЕВU) қауымдасқан мүшесі атануының арқасында мүмкін болып отыр. Биыл байқаудың өтуіне Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі қолдау білдіруде.


Соңғы жаңалықтар