USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

«Junior Eurovision 2021» ұлттық іріктеуінің 10 финалисі анықталды

2021 жылғы 13 қазан 10:05
Бөлісіңіз:
«Junior Eurovision 2021» ұлттық іріктеуінің 10 финалисі анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 12 қазан күні «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде «Junior Eurovision 2021» халықаралық ән байқауының Ұлттық кезеңінде финалған өткен 10 орындаушының есімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат телеарнаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Көрермендердің онлайн дауыс беруі жобаның ресми сайтында (jevision.khabar.kz) өткізілді. Оның нәтижесімен 10 финалист анықталды:

1. Амантай Айганым Айбекқызы

2. Бекнұр Жәнібекұлы

3. Асгатова Амина Бауржанкызы

4. Саакян Армен Ервандович

5. Хамзин Алинур Азаматович

6. Табарина Екатерина Денисовна

7. Маким Жан Алиұлы

8. Түгелбай Әлімжан Майрамбекұлы

9. Жұмабай Абілқайыр Досанұлы

10.Суленова Адина Ерлановна

Гала-концерт 2021 жылдың 6 қарашасында «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде өтеді. Өткен жылғы дәстүрмен еліміздің композиторлары финалистерге арнап 10 ән жазып беретін болады. «Junior Eurovision» Ұлттық іріктеу жеңімпазын әділ қазылар алқасының бағалауы және қазақстандықтардың SMS-дауыс беру нәтижелері анықтайды. Ұлттық іріктеу жеңімпазы Қазақстанның атынан 19 желтоқсан күні Парижде өнер көрсетеді.

Еске салайық, аталмыш байқауға Қазақстан төртінші рет қатысады. Бұл - «Хабар» агенттігінің Еуропалық хабар тарату одағының (ЕВU) қауымдасқан мүшесі атануының арқасында мүмкін болып отыр.

Ұлттық іріктеудің әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары: @jevision.kz; @msm.govrk


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT