Junior Eurovision-2019 байқауы басталды

None
None
ГЛИВИЦЕ. ҚазАқпарат - Польшаның Гливице қаласында Junior Eurovision-2019 байқауы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықаралық ән байқауын Хабар арнасы тікелей эфирден көрсетіп жатыр.

19 елдің жас әншісі бақ сынайтын халықаралық ән байқауына еліміздің атынан Ержан Максим қатысады. Ән додасында Ержан Максим 10-болып шығады. Талап бойынша олар еш жерде жарияланбаған 3 минутқа дейінгі композицияны табиғи дауыста орындауы керек.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 19 ел үміткерлері үшін дауыс беру қарашаның 22-сінен 23-іне қараған түні сағат 01.00-де басталды. Онлайн-дауыс беру бүгін, сағат 21.00-де уақытша жабылады. Одан соң 15 минутқа қайта ашылып, тағы бір мәрте дауыс беру мүмкіндігі беріледі.
Соңғы жаңалықтар