Junior Eurovision-2018: Данэлияның өнерін қайдан тамашалауға болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар Junior Eurovision-2018 додасын «Хабар» арнасынан көре алады. Сонымен қатар көрермендер Данэлия Тулешоваға дауыс бере алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы ән додасына Қазақстан жас әншісін ең алғаш рет бәйгеге қосқалы отыр.

19 қарашада жеребе тасталады. Жеребе тастау салтанатын «Хабар» арнасында түнгі 23.00-те тамашалауға болады.

Ал 25 қараша күні 21:00-де «Хабар» арнасы байқауды тікелей эфирден көрсетеді.

Барлық өнерпаздардың өнерін тамашалаған соң қазылар алқасы дауыс беруге кіріседі. Олардың қатарында 3 ересек әнші мен 2 бала бар. Сонымен қатар дауыс беруге көрермендер де қатыса алады.

«Қазақстандықтар тек қана Данэлияға дауыс беріп қана қоймай, басқа да ұнаған конкурсанттарға дауыс бере алады. Көрермендерге бұл мүмкіндік 23-25 қараша арасында junioreurovisioin.tv сайтында беріледі. Халықаралық Junior Eurovision-2018 байқауы ересектерге арналған байқаудың баламасы. Биыл Қазақстан 14 жылда бірінші рет қатысқалы отыр. Қазақстанда байқауды «Хабар» арнасында тамашалауға болады», - деді «Хабар» телеарнасының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар