Jibek Joly арнасының жүргізушісі Ләйла Сұлтанқызы Астана мәслихатына депутат болды

None
Фото: instagram.com/sultankyzy
АСТАНА. ҚазАқпарат - Jibek Joly телеарнасының жүргізушісі, тележурналист Ләйла Сұлтанқызы AMANAT партиясы атынан Астана қалалық мәслихатына депутат болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат партияға сілтеме жасап.

AMANAT партиясының Астана қалалық филиалы саяси кеңесі бюросының шешімімен 12 кандидаттың тізімі бекітіліп, мәслихаттың VIII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін аумақтық сайлау комиссиясына жолданды.

Айта кетейік, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындысына сәйкес, мәслихат сайлауында АMANAT партиясы сайлаушылардың 68,78% дауысын жинады.

Депутаттар тізімі:

Кендебай Адамбеков

Ерлан Дәкенов

Берік Жакенов

Табиғат Зейнулкабден

Ерлан Каналимов

Арсланбек Мағзұм

Абзал Сағымбаев

Ләйлә Сұлтанқызы

Динара Уразалина

Нұрлан Өтешев

Алтыншаш Табылдина

Бауыржан Қасымбергебаев.


Соңғы жаңалықтар