«Jas Otan» Жастар қанатының жаңа төрағасы сайланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің төрағалығымен және жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен «Jas Otan» Жастар қанаты Орталық кеңесінің отырысы өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шара барысында «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Дәулет Кәрібектің Президенттік жастар кадрлық резервіне кіруіне байланысты өкілеттігін тоқтату туралы мәселе қаралды.

Жастар қанатының жаңа төрағасы болып, жастармен жұмыс істеуде тәжірибесі бар, Бейсенбаев Елнұр Сабыржанұлы сайланды. Елнұр «Болашақ» РҚ жастар қанатының жетекшісі, Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы қызметінде жұмыс атқарған, Алматы қаласының қоғамдық кеңесінің мүшесі болған, сондай-ақ  Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі болған.

Дәулет Кәрібек «Jas Otan» ЖҚ-ғы жұмыс уақытында «Nur Otan» партиясы Саяси Бюросының ең жас мүшесі болды. Оның еңбегі мен жастар саясатына қосқан үлесі «Ерен еңбегі үшін», «Белсенді қызметі үшін» медалдарымен жоғары бағаланды. Сондай-ақ, Дәулет «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Сонымен қатар, кеңейтілген отырыс барысында «Jas Otan» Жастар қанатының басым міндеттері талқыланып, анықталды.



Соңғы жаңалықтар