+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

«Jas Otan» балалардың арманын орындайтын қайырымдылық акциясын бастады

2019 жылғы 3 желтоқсан 18:48
Бөлісіңіз:
«Jas Otan» балалардың арманын орындайтын қайырымдылық акциясын бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Jas Otan» жастар қанаты Арман ағашы» атты қайырымдылық акциясын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Науқанның басты мақсаты – ата-ана қамқорлығынсыз қалған, ауыр науқасы мен мүгедектігі бар «Нұрлы жүрек» мекемесінің 117 бүлдіршініне мерекелік көңіл күй сыйлау. Бұл үшін тұрғындар Арман ағашына ілінген балалардын тілегін орындап, қалаған сыйлығын алып келуі тиіс.

«Біз бүгін барлық өңірде «Арман ағашы» қайырымдылық акциясын бастаймыз. Оның аясында біз ата-ана қамқорлығынсыз қалған, ерекше қажеттілігі бар балаларға жылулық пен сүйіспеншілік сыйлағымыз келеді. Алдын ала орталық өкілдерімен кездесіп, балалардың қандай сыйлық алғысы келетінін жазып алдық. Жеке өзім балалардың арманы міндетті түрде орындалуы тиіс деп ойлаймын. Олардың арманын жүзеге асыру арқылы шабыт сыйлаймыз», - деді «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Дәулет Кәрібек.

Қайырымдылық науқаны бір айға созылады. Акция соныңда барлық жиналған сыйлықтар бүлдіршіндерге салтанатты түрде театрландырылған қойылыммен тарту етіледі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT