+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Jas Otan Ақмола облысында 25 мың жастың жұмысқа орналасуына көмектеспек

2020 жылғы 15 қыркүйек 17:42
Бөлісіңіз:
Jas Otan Ақмола облысында 25 мың жастың жұмысқа орналасуына көмектеспек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Jas Otan» жастар қанатының Ақмола облысы бойынша филиалының төрағасы Сұлтанбек Бекешов өңір жастарын жұмыспен қамту бағытында қандай шаралар атқарылып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Асхат Аймағамбетов Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелерімен кездесті «Көше саудасы - 1000 орын» бағдарламасы: Елордада 1700 жұмыс орны құрылды Кентауда «Еңбек» бағдарламасы аясында 4 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды

«Ақмола облысында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 4,9 мың студент жұмысқа жұмылдырылды. Жалпы алсақ, 2,7 мың азамат педагогика саласына, 700-ге тарта азамат денсаулық саласында жұмысқа орналасты. Алдағы бес жылда жыл сайын біз «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдарға 600 азаматты жіберуді көздеп отырмыз», - деді Сұлтанбек Бекешов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, «Jas Otan» Жастар қанатының Ақмола облыстық филиалы жыл сайын жоғары оқу орындарын бітіретін студенттермен кездесу өткізеді.

«Осылайша бес жыл ішінде біз ауылдарға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 3,6 мың азаматты жібергелі отырмыз. Жастарды жұмыспен қамту аясында «Жастар практикасы» бағдарламасы шеңберінде 1,8 мың азамат тәжірибеден өтіп, оның мың жарымы жұмысқа орналасты», - дейді ол.

Сұлтанбек Бекешов бұл тәжірибе жалғасын табатынын мәлім етті.

«Жасыл ел» бағдарламасы аясында жылына 700 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз. Осылайша 5 жылдың ішінде Ақмола облысында 25 мың жас маманның жұмысқа орналасуына көмектессек дейміз», - деп түйді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT