Израиль туристер үшін коронавирусқа тест тапсыру талабын алып тастайды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Израильге баратын туристер елге кірер алдында коронавирусқа тест тапсырмайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанда індеттің алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.

Израиль 20 мамырдан бастап елге кірер алдында әуежайда коронавирусқа ПТР-тест тапсыру міндетті талабын алып тастайды. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігінен хабарлады. «Бен Гурион әуежайына қонған жолаушыларға 2022 жылдың 20 мамырынан бастап ПТР-тестіден өту қажет болмайды», - делінген ведомствоның баспасөз қызметі хабарламасында. Дегенмен, шетелдіктер елден ұшар алдында тест тапсыруға әлі де міндетті болады.

Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс коронавирус жұқтырды. «COVID-19 тестілеуі оң нәтиже көрсетті. Менде аурудың жеңіл симптомдары байқалады және мамандардың кеңесі бойынша сырқаттан айыққанша оқшаулануға тура келді», - деп жазды ол Twitter-парақшасында. Гейтс толық вакциналанғанын және вакцинаның үдеткіш дозасын алғанын, сондықтан ауру жеңіл түрде өтіп жатқанын айтты.


Соңғы жаңалықтар