Израиль Президенті Шимон Перес Елбасын тамаша көшбасшы және Израиль мемлекетінің ұлы досы ретінде бағалайды

None
None
p; Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Израиль Президенті Шимон Перес Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты тамаша көшбасшы және Израиль мемлекетінің ұлы досы ретінде жоғары бағалайды.


Ол бұл пікірін бүгін Ақордада Қазақстан Президентімен жүргізген кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Мен Қазақстанға ресми сапармен келген Израильдің бірінші Президенті болғаныма қуаныштымын. Өйткені біз Қазақстанды Израиль мемлекетінің тамаша досы деп есептейміз. Президент мырза, Сіздің жеке өзіңізді тамаша көшбасшы және біздің ұлы досымыз ретінде жоғары бағалаймыз», - деді Ш. Перес Н. Назарбаевқа қаратып айтқан сөзінде.

 Оның айтуынша, шағын құрамдағы келіссөздер барысында ғылым мен өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықтың тұтастай бағыты талқыланған. «Біз ең алдымен ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, озық инновациялық технологиялар және басқа да салалардағы ынтымақтастықты талқыладық», - деді Израиль Президенті.

Соңғы жаңалықтар