Израиль президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек жазылып кетуін тілейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Израиль президенті Реувен Ривлин Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ривлиннің Twitter парақшасына сілтеме жасап.
«Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек жазылып кетуін тілеймін. Біздің екі ел керемет қарым-қатынасты жалғастырып келеді», - деп жазды Реуван Ривлин.
Бұрын хабарлағанымыздай, бейсенбі күні Елбасының коронавирусқа тапсырған ПТР-тесті оның науқас екенін анықтады . Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзін-өзі оқшаулап жатыр.
ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығын медицина қызметкерлері бақылап отырғанын хабарлады . Оның айтуынша, алаңдауға негіз жоқ.
Елбасы заманауи коммуникация құралдарын пайдаланып қашықтан жұмыс істеп жатыр.
- Коронавирус: Теңіз кенішінде карантиндік шектеулер ұзартылды
- БҚО-да инфекциялық стационарларда жатқандар саны 300-ден асты
- Батыс Қазақстанда карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі
- Карантин: Атырауда көпшілік іс-шараны өткізуге тыйым салынды
-
Карантин: Ақмола облысында діни объектілердің қызметіне тыйым салынды
-
Қызылордада жыл басынан бері 114 адам коронавирус жұқтырған
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам