Израиль Парламенті наразылықтарға қарамастан бюджетті бекітті

None
Фото: 103news.com
АСТАНА.ҚазАқпарат – 23 мамырда мыңдаған израильдік Биньямин Нетаньяху үкіметінің экономикалық саясатына наразылық білдіру үшін шеруге шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Израиль парламенті жаппай наразылықтарға қарамастан 2023 және 2024 жылдарға арналған бюджетті қабылдады.

Сейсенбі күні мыңдаған израильдік үкіметтің әрекетіне наразылық білдіру үшін Иерусалим арқылы Кнессет ғимаратына бет алды.

Бұл уақытта парламент премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың бюджеті мен «экономикалық жоспарына» дауыс беруге дайындалып жатқан болатын.

Наразылық білдірушілер үкіметтің қаржылық бағдарламасында ультра-православтық одақтастарға тым көп жеңілдіктер бар деп санайды.

«Бұл мемлекеттік бюджет емес, жаппай тонау. Бұлай Израиль экономикасын құртып, болашақ ұрпаққа үлкен зиян келтіруге болады», - деді наразылық акциясына қатысушылар.

Шерушілер басқарушы коалицияны «тонаушы» деп айыптады.

Егер бюджет 29 мамырға дейін қабылданбаса, парламент автоматты түрде таратылып, жаңа сайлау қажет болатын.


Соңғы жаңалықтар