Израиль министрі еврейлерге пана болған қазақ халқына алғыс айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстаның Израильдегі Елшілігі Тель-Авивте Тәуелсіздіктің 28 жылдығына орай салтанатты шара ұйымдастырды. Бұл туралы ҚазАқпарат Елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Dan Tel Aviv» қонақ үйінде өткен кешке Израильдің Экология министрі және Иерусалим және мұра жөніндегі министр Зеев Элькин, Иерусалим Патриархы Теофил III, экс-премьер-министрі Эхуд Ольмерт, Кнессет депутаттары, Бас Сефард раввинінің өкілдері, Израильде тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялардың басшылары, жергілікті іскер, ғылыми, мәдени және БАҚ өкілдері қатысты.

Төтенше және өкілетті елші Сатыбалды Бұршақов өз сөзінде қатысушыларға Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саяси бастамаларының сабақтастығы, Қазақстандағы трансформация процестері, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен жарияланған саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар туралы айтып берді.

Сонымен бірге, Қазақстан дипломаты шақырылғандарды еліміздің тәуелсіз даму жылдарындағы жетістіктерімен, мемлекетіміздің халықаралық аренадағы сындарлы саясатымен, Қазақстан-Израиль ынтымақтастығының, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешен, денсаулық сақтау, инновациялар, қолданбалы зерттеулер, туризм, су, сандық және қаржылық технологиялар салаларына қатысты перспективаларымен таныстырды. Сондай-ақ, Қазақ Елшісі израильдіктерді 2020 жылы Ұлы Абайдың 175 жылдығы мен Әл-Фарабидің 1150 жылдығын атап өту аясында ұйымдастырылатын шараларға қатысуға шақырды.

Мерекенің құрметті қонағы министр З.Элькин өзінің құттықтау сөзінде екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың үдемелі дамып жатқандығына терең қанағаттанушылық білдірді. Элькин мырза екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жер аударылған еврейлерге пана болғаны үшін қазақ халқына ризашылығын білдіріп және олардың арасында өзінің де туған-туыстары болғаның айтып тебіренді.

Салтанатты кешке шақырылғандар қазақтың дәстүрлі қонақжайлығы, тарихы және қазіргі Қазақстан туралы кітап экспозициясымен, сонымен қатар кәдесый өнімдерімен танысты.

Қонақтарға еліміздің көрікті жерлері мен ең танымал туристік бағыттары туралы бейнероликтер көрсетілді.

фото: mfa.gov.kz
Соңғы жаңалықтар