Израиль Иранды мұнай танкеріне шабуыл жасады деп айыптады

None
АММАН. ҚазАқпарат - Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иранды мұнай танкеріне шабуыл жасады деп айыптады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен аптада Иран Парсы шығанағындағы мұнай танкеріне тағы да шабуыл жасап, халықаралық навигация еркіндігіне нұқсан келтірді», - деді Нетаньяху министрлер кабинетінің апталық отырысында.

10 ақпанда түнде Араб теңізі акваторийінде Либерия туының астында жүзіп келе жатқан «Campo Square» кемесі Үндістан мен Оман жағалауынан шамамен 300 теңіз милі (555 км) жерде шабуылға ұшыраған.

Кеме базаларының мәліметінше, «Campo Square» кемесі израильдік теңіз магнаты Эйяль Оферге тиесілі британдық «Zodiac Maritime» кеме компаниясымен байланысты. Өз кезегінде «Zodiac Maritime» танкерді Грекияның «Eletson» компаниясы басқарды деп жауап берді. «Eletson» оқиғаны растады, бірақ оған Иран әскери-теңіз күштерінің қатысы бар дегенді жоққа шығарды.

Иран бұл оқиғаға қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.


Басты фото: Maya Alleruzzo/Reuters

Фото: Fleetmon

Соңғы жаңалықтар