Израиль Газа секторына әуеден соққы жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Израиль қорғаныс күштері Газа секторындағы исламшыл нысандарға әуеден соққы жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

ВВС таратқан ақпаратқа сәйкес, әуе соққысынан жиһадтық топтардың бірінің жетекшісі Әбу Махмуд қаза тапқан.

«Исламдық жиһад» (көп елдерде жұмысы тыйым салынған ) тобының өкілдері көшбасшының өлімін растап, оның өлімі үшін кек алуға уәде берді.
Жұма кешінде Газадан Израильге қарай жүзге жуық зымыран атқыланды. «Исламдық жиһад» ұйымы бұны «алғашқы жауаптың» бір бөлігі деп атаған. Олардың көбін Израильдің «Темір күмбез» зымыранға қарсы жүйесі атып түсірді, бірақ елдің көптеген жерлерінде әуе шабуылының сиреналары естілген.
Осыдан кейін Израиль қарулы күштерінің қолбасшылығы Газадағы содырлардың нысандарына соққы беруді қайта бастағанын хабарлады.
Израиль армиясы Газа секторында әуе шабуылдарын «ерекше жағдайға» жауап ретінде жасағанын мәлімдеді.
Шабуылдың негізгі нысанасы «Исламдық жиһад» қозғалысының мүшелері болған. Нәтижесінде 15 содырдың көзі жойылған.


Фото: bbc.com



Соңғы жаңалықтар