Израиль ЕАЭО-пен еркін сауда аймағы туралы келісім жасаспақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Израиль Еуразиялық экономикалық одақпен еркін сауда аймағы туралы келісім жасауға ниетті, деп мәлім етті елдің СІМ-нің басшысы Авигдор Либерман.

«Біз Еуразиялық одаққа қосылу туралы емес, еркін сауда аймағын құру туралы келіссөздерді жүргізудеміз. Біз еркін сауда аймағы туралы Еуропалық одақпен келіскендей, Еуразиялық одақпен де келісім жасасқымыз келеді», - деді ол Мәскеудегі баспасөз мәслихатында.

«Егер келіссек, мұндай аймақтың құрылуы әбден мүмкін», - деп атап өтті РФ СІМ-нің басшысы Сергей Лавров. Бұл туралы Утро.ру сайтында хабарланады.

Соңғы жаңалықтар