Израильдік компания Көкшетауда жылу мен электр энергиясын өндіретін станса салады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін облыс әкімі Сергей Кулагин бір топ шетелдік инвесторларды қабылдады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында Көкшетауда жылу электр стансасын салу мәселесі қаралды.

Израильдік «ALL ENERGY LTD» компаниясын бастап келген компания президенті Моше Петербург өз кезегінде бүгінгі күні компания Көкшетауда жылу электр станасын салуға дайындық жұмысы жоспарға сәйкес жүріп жатқанын жеткізді. Кездесуде өңір басшысы әкімдік тарапынан қажетті рәсімдеу шаралары толық аяқталғаннан кейін құрылыс жұмысын жеделдетіп жүргізіп, жобаны толық жүзеге асыру үшін барлық қыр-сырды зерттеп, зерделеу қажеттігін айтты.

Атай кету керек, өткен жылдың қыркүйек айында Ақмола облысының әкімдігі израильдік «ALL ENERGY LTD» компаниясымен Көкшетауда қуаты 400-ден 600 Мбайт дейінгі электр энергиясын, сондай-ақ облыс орталығының қажеттілігі бойынша 450 Гкал жылу өндіретін электр стансасын салу жөнінде екіжақты меморандумға қол қойған еді. Келісім бойынша шетелдік компания электр стансаның жобалық құжатын әзірлеп, құрылысын жүргізіп, орталықты пайдалануға беруі тиіс.

Соңғы жаңалықтар