Израильдік компания Ақмола облысында қаз фермасын салмақ

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев израильдік «Amos VP Agro LTD» компаниясының президентімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуде шетелдік инвестор Владимир Полевой облыс аумағында жылына 10 мың тонна қаз ет өндіретін қаз фермасын салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Сондай-ақ, компания албырт балығын өсіретін шаруашылық салуға ниетті. Инвестициялық жобалардың жалпы құны шамамен 100 миллион долларды құрайды.
Жобаларды жүзеге асыру, мемлекеттік кепілдікті қажет етпейді. Шетелдік қаржыландырудың сомасы 85 пайызды құрайды. Алдағы уақытта компания өңірде өз жобаларының портфелін арттыруды жоспарлауда.
Ермек Маржықпаев ынтымақтастық үшін әкімдіктің ашық және жобаларды жүзеге асырумен байланысты мәселелерде көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.
«Біз, шетелдік инвесторлардың ел экономикасына, оның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қосып отырған үлесін жоғары бағалаймыз. Қолайлы инвестициялық ахуал құру, біздің негізгі басымдылығымыз», – деді аймақ басшысы.
Кездесудің қорытындысы бойынша, Ақмола облысы әкімдігінің және «Amos VP Agro LTD» компаниясының арасында ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
«Ақмола облысы ел көлемінде жүк машиналарының 40 пайызын, алтынның 30 пайызын, уран қоспаларының 10 пайызын, құс етінің 24 пайызын, жұмыртқаның 16 пайызын, ұн мен сүттің 11 пайызын өндіретінін атап өту қажет», – деп толықтырды ведомстводан.
- Көкшетаулық би жұбы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
- 63-ті еңсерген ардагер бильярдшылар өзара мықтыны анықтауда
- Биыл Құрық порты жүктерді жөнелтуден 1,6 млрд теңге табыс тапты
- АҚШ-тың аналитикалық және қаржы құрылымдары Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі
-
Алматыда мереке күндері азық-түлік арзан бағада сатылады
-
Қызмет барысында қаза тапқан полицей әйелге «Ерлігі үшін» медалі берілді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам