Израильдік дәрігер Астанадағы аналар өлімі туралы: Біздің елде болса осылай аяқталар еді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Израильдік дәрігерлер Астана перзентханасында қайтыс болған әйелдердің өлімін алдын алу мүмкін болмағанын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Шын мәнінде бірнеше оқиға болды, бұл бізді айналып өтпеді. Біз - комиссия емеспіз, ешқандай ресми қорытынды беру үшін шақырылған жоқпыз. Әріптес ретінде бұл оқиғаға «біз не істер едік?» деген тұрғыдан қараймыз. Басқалай істеуге болар ма еді? Барлық құжаттармен танысып, қаланың қазіргі өмір сүріп жатқан жағдайында ол әйелдерді аман алып қалу мүмкін болмағанын көріп отырмыз. Біздің елде болған жағдайда, осылай аяқталар еді», - деді MVI медициналық орталығының бас директоры Наталья Мелех-Хедват №1 перинаталдық орталықта болған баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, мұндай жағдайды болдырмау үшін көп нәрсе жасауға болатынын айтты. Медициналық орталықтың мамандары Астанада шеберлік сыныптарн өткізеді.

«Бұл жұмыс халықтың әлеуметтік дайындығы деңгейінен басталады, оны тұтас өзгерту керек. Міндетті профилактика, әйелдің өзінің денсаулығына деген әлеуметті жауапкершілік болуы керек. Бір жағдайда белгілі болғаны, әйел бірде-бір рет тексеруден өтпеген, тұқым қуалайтын аурудың болуы қайғылы оқиығаның себебі болуы мүмкін», - деді ол.

Израильдік маман Астананың ана өлімінің статистикасы кейбір дамыған елдермен салыстырғанда жақсы екенін айтты.

«Статистика өте жақсы, кейбір еуропалық стандарттарға қарағанда әлдеқайда жоғары. Мысалы, Америкаға қарағанда екі есе жақсы. Болған жағдайдар сәйкестік қана. Екі жылда бұл қалада ондай оқиға орын алмаған болатын», - деді ол.

Еске сала кетейік, Астананың №2 перинаталды орталығында бір ана, ал №1 перинаталдық орталықта үш әйел көз жұмған еді.

Соңғы жаңалықтар