Израильдегі діни мереке кезінде қыспақтан 10 адам көз жұмды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Израильдің солтүстігіндегі бұқаралық діни мереке кезінде туындаған қыспақтың салдарынан 10 адам мерт болып, 100-ден аса адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

Оқиға Галлиледе Мерон тауында он мыңдаған ультраортодоксальды яһуди жиналған Лаг ба-Омер мерекесін тойлау салтанаты кезінде болды.

«Маген Давид Адом» (MDA) медициналық қызметінің ақпаратынша, оқиғадан 36 адам жеңіл, 3 адам орта деңгейдегі жарақат алған және 10 адам көз жұмған.



Израиль медициналық қызметіне сілтеме жасаған «Франс Пресс» агенттігінің мәліметінше, оқиға кезінде 38 адам көз жұмып, 100-ден аса адам жарақат алған.

Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде.


Соңғы жаңалықтар