Израильде жасөспірімдерді коронавирусқа қарсы вакциналау басталды

None
None
ЛОНДОН. ВВС – ҚазАқпарат – Израильде жасөспірімдерді вакциналау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Өз есептеулерінде әлем елдерінің ресми мәліметтерін пайдаланатын америкалық Джонс Хопкинс университетінің цифрларына сүйенсек, пандемия кезінде 173 миллионға жуық адам коронавируспен ауырған, 3,7 миллионнан астам адам қайтыс болды, 2 миллиардтан астам екпе жасалды.

Жексенбі күні Израильде 12-ден 15 жасқа дейінгі жасөспірімдерді вакциналау басталды. Израильде халықты вакциналау бағдарламасы әлемдегі ең жылдам бағдарламалардың бірі болды. Қазіргі уақытта бұл елде бүкіл халықтың жартысына жуығы Pfizer немесе BioNTech вакцинасының екінші компонентін салдырып үлгерген.


ВВС агенттігі хабарлағандай, Израильде 16 жастан асқан адамдарды вакциналау кампаниясы сәтті өткеннен кейін коронавирусқа қатысты барлық шектеулер алынып тасталды. Сонымен қатар, індеттің таралу қарқыны өскен жоқ.

Әлемнің басқа елдеріндегі балаларды вакциналау мәліметтері («Франс пресс» агенттігінің ақпаратынша):

Эстония жасөспірімдерді вакциналауды күзге қарай бастайды.

Франция 15 маусымнан бастап 12 жастан асқан балаларға Pfizer вакцинасын егеді.

Германия мен Польша жеткіншектерді вакциналауды 7 маусынан бастайды.

Ұлыбритания ересек балаларға Pfizer вакцинасын қолдануды мақұлдады. Бірақ ел билігі оларды вакциналау кампаниясын бастау туралы шешім қабылдауы керек.

Pfizer вакцинасы Жапонияда 12 жастан асқан оқушы балаларға да мақұлданған.

12-15 жас аралығындағы жасөспірімдерді егу АҚШ-та мамыр айының ортасынан жүргізіліп келеді.


Соңғы жаңалықтар