Израильде сот реформасына қарсы жаппай наразылық шаралары өтіп жатыр

None
Фото: Ohad Zwigenberg/AP
АСТАНА. ҚазАқпарат - Израильдің ірі қалаларында Кнессетте талқыланып жатқан сот реформасын қабылдауға қарсы жаппай наразылық шаралары өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Иерусалимде парламент ғимаратының алдында ондаған мың адам жиналды, белсенділердің бір бөлігі тасжолдарды жауып, басқарушы коалициядан сайланған депутаттардың үйлерін блоктап тастады.

Биньямин Нетаньяхудың жаңа үкіметі ұсынған реформаға қарсы шығушылар бұл шешімнен демократия негіздері мен билік құрылымдарының бөлінуіне нұқсан келеді деп есептейді.

Нетаньяхудың Ликуд билеуші партиясы ультраоңшыл жақтастарымен бірге екі заң жобасы бойынша дауыс беруі керек. Бірі - судьяларды іріктеу жөніндегі комиссия құрамын өзгерту, екіншісі - Негізгі деген мәртебесі бар кез келген заңның күшін жоюға тыйым салу (вето).


Соңғы жаңалықтар