Израильде күніне 10 мың адам коронавирус жұқтырып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемде коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайлары 3,4 млн асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

ВАК мәліметінше, коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайлары алдыңғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 300 мыңға көп.

«Ауру санының өсуі Азия мен Таяу Шығыс елдерінде байқалады. Израильде күніне шамамен 10 мың вирус жұқтыру тіркелді, бұл – сәуір айының басынан бергі ең жоғары көрсеткіш», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Еуропаның бірқатар елінде сырқаттар саны күрт өскен.

«Францияда жаңадан жұқтырғандар саны күніне 50 мыңнан асады, мұндай жағдай сәуір айының аяғынан бері болмаған. Германияда күніне 80 мыңнан астам адамның вирус жұқтырғаны анықталған, өткен аптамен салыстырғанда ондағы науқастар саны төрттен бірге артты. Ал, Италияда кейінгі күндері бірден екі есеге өсті», - деп көрсетілген ВАК хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар