Израильде әл-Фарабидің есімі мәңгі есте сақталды

None
None
ХАЙФА. ҚазАқпарат - Әбу Насыр әл-Фарабидің ескерткіш тақтайшасы Хайфа қаласындағы оның есімімен аталған көшеде орнатылды. Іс-шара Израильдегі ҚР Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Салтанатты рәсімге Израильдегі ҚР Елшісі Сатыбалды Бұршақов, Қазақстанның Израильдегі құрметті консулы Дэвид Люксембург, Хайфа қаласы әкімінің орынбасары Лазар Каплан, Израильдің дипломатиялық корпусы мен ғылыми топтарының өкілдері қатысты.

Айта кету керек, онлайн режимдегі іс-шараға әлемнің түрлі елдерінің академиялық қоғамдастық өкілдері, соның ішінде қазақстандық жетекші жоғары оқу орны – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов қатысты.

Салтанатты рәсімде Қазақстанның Израильдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Сатыбалды Бұршақов сөз сөйлеп, Қазақстанның Әл-Фараби мұрасын сақтау мен ілгерілетудегі маңызды рөлін атап өтті. Бұған халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыта отырып, академиялық қоғамдастық үлкен үлес қосуда.


«Біздің көрнекті жерлесіміз адамдарды бақытқа жету жолында бір-біріне көмектесуге, әрі қайырымдылыққа шақырды. Израильдің ірі қалаларының біріндегі Әл-Фараби атындағы көше оның ұлы шығармашылық мұрасының мойындалуының және біздің елдеріміз арасындағы достық қатынастардың жоғары деңгейінің дәлелі», – деді Қазақстан Елшісі.

Өз сөзінде ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов іс-шараны ұйымдастырушыларға жылы лебізін білдіріп, әл-Фарабидің 1150-жылдығы ЮНЕСКО қолдауымен әлемдік деңгейде аталып жатқандығын тілге тиек етті.


«Әлемдегі ең әдемі тарихи қалалардың бірі, Израильдің басты теңіз қақпасы Хайфа қаласында әл-Фараби көшесі бар екендігін мақтап тұтамыз. Өркениеттің ұлы ойшылының есімін Израильде мәңгі қалдыру әл-Фарабидің тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың мәдени және рухани игілігі екендігінің айқын дәлелі және мойындалуы болды. Сондай-ақ, әл-Фарабидің еңбектерін аударып, олардың Еуропада таралуына ықпал еткен еврей ойшылдарының зор еңбегін атап өткім келеді» – деді ҚазҰУ ректоры.

Еуропалық ойшылдардың әл-Фараби трактаттары арқылы ежелгі антикалық идеяларға оралуы Еуропада Ренессанс – Қайта өрлеу дәуірінің пайда болуына әсер етті.

Сондықтан әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы мәдениеттердің жақындасуы мен өзара түсіністігінің символын білдіретін Шығыс пен Батыс арасын байланыстырушы рухани көпірге айналды.


Соңғы жаңалықтар