Измирдегі жер сілкінісі құрбандарының саны 42-ге жетті

None
None
ИЗМИР. АНАДОЛЫ - ҚазАқпарат - Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасы (AFAD) Измирдегі жер сілкінісі салдарынан құрбан болғандардың саны 42 адамға дейін өскенін хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат Анадолыға сілтеме жасап.

AFAD мәлімдемесінде жер сілкінісінен кейін 05:30-да 786 дүмпу болып, оның 40-ы 4 баллдан жоғары болды.

Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларды үйлестіру орталығынан (ЅАКОМ) алынған ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісі салдарынан 42 адам қайтыс болды, оның 1-уі суға батып кеткен. Жараланған 896 адамның 667-сі емделіп шықса, ал 229 адам емін жалғастыруда.


Соңғы жаңалықтар