Іздеуде жүрген вайнер Әзімжан Саидбаевтың ұсталғаны жайлы ақпарат түскен жоқ - ІІМ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен іздеуде жүрген Әзімжан Саидбаевтың ұсталғаны рас па? Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, бүгін таңертең бірқатар БАҚ ресурстарында халықаралық іздеу жарияланған вайнер Әзімжан Саидбаев Түркияда ұсталды деген хабар тарады.

«Шетелдік әріптестерден қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен іздеуде жүрген Әзімжан Саидбаевтың ұсталғаны туралы ресми ақпарат әлі түскен жоқ. Қазақстан интерполының ұлттық орталық бюросы осылай деп отыр» дейді ІІМ Telegram парақшасында.

Еске сала кетейік, аталған іске қатысы бар деген күдікпен танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов ұсталған болатын.

Кейін олар 10 тәулікке қамауға алынды.

Тергеу соты екеуіне қатысты «кепілмен босату» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Үшінші күдікті – тағы бір танымал вайнер Әзімжан Саидбаевқа іздеу жарияланды.

15 сәуір күні ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев қаржы пирамидасын құру ісі бойынша тергеу аяқталғанын мәлім еткен еді.


Ашық көздерден алынған фото




Соңғы жаңалықтар