Іздеуде жүрген ресейлік Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Көлік полицейлері еліміздің мемлекеттік шекарасын жүк пойызымен заңсыз кесіп өткен 51 жастағы ресейлік азаматты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биылғы 15 мамырда Петропавл станциясында жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында көлік полицейлері Ресей Федерациясының 51 жастағы азаматын анықтап, ұстады», - деді ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев.

Оның айтуынша, ер адам Ресей Федерациясының аумағынан шекара бекеттерін айналып өтіп, біздің еліміздің аумағына жүк пойызы арқылы кірген. Осылайша, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 392-бабы 1-бөлігі бойынша (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) Сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

«Тексеріс барысында ұсталған азаматтың осы жылдың сәуір айынан бастап РФ ҚК 166-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша мемлекетаралық іздестіруде екені анықталды. Іздестіру бастамашысы - РФ Ішкі істер министрлігінің Челябі облысы бойынша мемлекеттік мекемесі.Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде», - деді О.Бекеев.


Соңғы жаңалықтар