Іздеуде жүрген 17 жастағы қыз Алматыдағы притондардың бірінен табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Із-түзсіз жоғалып кеткен 17 жастағы бойжеткен Алматыдағы притондардың бірінен табылды. Сондай-ақ, бойжеткенді притонда жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеген күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы қылмыстық оқиға бойынша 2 күдікті  ҚР ҚК 134-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Жалпы Алматы ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы былтыр ҚР ҚК 128-бабы бойынша 1 адам саудасы, ҚР ҚК 125-бабы бойынша 8 адам ұрлау оқиғасын анықтаған.

 «Жүргізілген кешенді жұмыстардың нәтижесінде 37 жеңгетайлықпен айналысу, 19 жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу фактісі анықталған. Олардың ішінде 2 қыз кәмелеттік жасқа толмаған. Жергілікті полиция қызметі ҚР ҚК 450-бабы бойынша 169 тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке, сондай-ақ 238 адамды қоғамдық орындарда теріс қылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты», - деді қалалық ІІД басқарма басшысы Берік Әбілбеков.

Соңғы жаңалықтар