Іздеуде болған сотталушы ОҚО мешітінде ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 қыркүйек күні «Альтернативник» жедел-алдын-алу шараларының алғашқы күнінде биылғы қаңтар айынан бері іздеуде болған сотталушы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданындағы мешіттердің бірінен ұсталды.

Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚАЖ пробация қызметінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, үш мыңнан астам шартты түрде сотталғандарға тұрғылықты жері бойынша тексеру жүргізіп, 30-дан астам жаза өтеу тәртібінің бұзылуын анықтады», - деді республикалық пенитенциарлық жүйе мекемесі.

«Сарыағаш аудандық ІІБ криминалды полиция қызметкерлері нәтижелі жұмыс атқарды. Олар ҚАЖ қызметкерлерімен бірігіп, 2016 жылғы қаңтар айында іздеу жарияланған 19 жастағы сотталушыны (1 жылға шартты түрде, ұрлық үшін) ұстады. Ол Құрбан Айт мерекесін тойлау үшін мешітке барғанда ұсталды»,  деді мекеме.

«Альтернативник» республикалық жедел-алдын алу шарасы 12 қыркүйекте басталды, негізгі мақсаты - бас бостандығынан айырусыз жауапқа тартылған тұлғалар тарапынан құқық бұзушылықтардың қайталануының алдын алу, - деді ҚР ІІМ ҚАЖ Комитеті.

 

Соңғы жаңалықтар