Іздеу салынған қостанайлық қыз Астанадан табылды

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат - 16 қаңтардан бастап іздеу салынған Қостанай облысының тұрғыны астаналық полицейлердің көмегімен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астананың полиция қызметкерлері кешкі уақытта сырт киімсіз жүрген қызды тексерді.

«Тексеру кезінде оның 26 жастағы Сабина Жүнісбекова екенін анықтады. Ол 16 қаңтар күні сағат 21: 00-де үйінен шығып, дәріхананың маңынан өтіп бара жатқан әйел адамға сөмкесін тастап, өзі белгісіз бағытқа кетіп қалған. Сөмкені алған әйел не істеу керектігін білмей, оны жақын жердегі дәріханаға апарып, фармацевтке қалдырған. Кейін қыздың туыстары оның телефонына қоңырау шалып, болған оқиғаны біліп, дәріханадан заттарын алып кеткен», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сол күні қыз Астана қалалық ауруханасына жеткізілді. Әкесі Мұрат Жүнісбеков қызының мекенжайы туралы білгеннен кейін, елордада тұратын ағасына хабарлады.

Тағы бір айта кетерлігі, ауруханаға жеткізілген қыз соңғы бірнеше күнде не болғанын білмейді.

Соңғы жаңалықтар