Іздеу салынған 20 жастағы қостанайлықты полицейлер екі аптадан соң тапты

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанайлық полицейлер іздеу салынған 20 жастағы жігітті тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай қаласының полицейлері Виталий Воронин және полиция капитаны Анатолий Шпикин жоғалып кеткен Олег Ганяны теміржол вокзалы ауданындағы аялдамада көрген. Барлық мән-жайларды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді.

«Қостанай қаласы полиция басқармасының қызметкерлері із-түзсіз жоғалған Ганя Олег Викторовичтің мекенжайын да анықтады.

Ол осы уақытқа дейін облыс орталығындағы таныстарында болған. Жағдайы жақсы. Полиция жігіттің анасына хабарлады», делінген ведомство хабарламасында.


Еске салсақ, Ганя Олег Викторович 15 қазан күні Бағаналы ауылынан И.Павлов атындағы ауылға шығып, сол күйі хабарсыз кеткен.




Соңғы жаңалықтар