Іздеу салынған 17 жасар қостанайлық Өскеменнен табылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайлық тәртіп сақшылар 2003 жылы туған бойжеткенді Шығыс Қазақстан облысынан тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

4 қазан күні Қостанай ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, қызының жоғалып кеткенін айтады. 2003 жылы туған Арузат Құрманғалиева 30 қыркүйек күні үйінен шығып кеткен.

«Бойжеткен ата-анасының қоңырауына жауап бермей, байланысқа шықпаған. Полиция қызметкерлері Арузаттың орналасқан жерін анықтауға кіріседі, іздеу жұмыстарына еріктілер де қосылды. Бастапқы ақпарат бойынша бойжеткен Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласына жолға шыққан. Осы мақсатта жедел уәкілдер ШҚО-ға іссапарға барды», делінген полицияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Полицейлер Өскемен қаласындағы әріптестерімен бірігіп іздестіру жұмыстарын ұйымдастырады. Іздеу Өскемен қаласы полиция басқармасының барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Соның арқасында кәмелетке толмаған қыздың мекенжайы анықталды. Осылайша, із-түссз жоғалған Арузат Құрманғалиева 14 қазан күні ата-анасына тапсырылды

«Арузаттың айтуынша, ол «Періште балалары» қайырымдылық қорының құрамында мүгедек балаларға қаражат жинау үшін Өскемен қаласына барған. Криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі Медет Саматов іздеу уақытының көп бөлігі жолға жұмсалғанын айтты. Жедел уәкілдер жолда үш тәулікке жуық уақыт өткізген.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жасөспірімді профилактикалық есепке қою мәселесін қарастыруда. Бұдан бөлек, Арузаттың ата-анасы ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады», - дейді полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Биыл полиция қызметкерлері еріктілердің қатысуымен 50-ден астам жасөспірімді іздестірген.


Соңғы жаңалықтар