Із-түзсіз жоғалып кеткен қостанайлық бойжеткеннің денесі орманнан табылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай ауданының Затобол ауылында жоғалып кеткен Дарья Махартованың мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

18 жастағы Дарья Махартова 20 шілде күні сағат 22.00 шамасында үйінен шығып, қайтып оралмаған.

«Із-түзсіз жоғалып кеткен Затобол ауылының тұрғынының денесі Қостанай қаласының іргесіндегі орман алқабынан табылды. ҚР ҚК-нің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», - деді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, Дарья Махартова Мәскеуде оқиды. Бүгін оның анасы қостанайлықтарды еріктілер тобына қосылуларын сұраған болатын.

«Ол маған су жылытып қой, көп ұзамай келем деген болатын. Мен алдында мүмкін жол бойы біреуді кезіктіріп қалған шығар деп аса қобалжи қойған жоқпын. Өйткені ол Мәскеуде оқитын, мұнда жақында ғана келген. Алайда түнгі сағат үштер шамасында үрейлене бастадым. Барып арыз жаздым. Иісшіл ит тек бағдаршамға дейін ғана иіс алды. Дашаның телефоны өшкен жоқ болатын. Телефон арқылы оның «West» клубына қарай кеткенін білдік. Полиция қонақүйді тексергенімен, ол жерден таба алмады. Жертөлелерді де тексеру қажет па еді?», - деген еді қыздың анасы Ольга Покатаева.

Соңғы жаңалықтар