Із-түзсіз жоғалып кеткен 42 жастағы ақмолалықтың денесі табылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Шортанды ауданында із-түзсіз жоғалған 42 жастағы тұрғынының денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша іс қозғады.

Бұл туралы волонтерлер ұйымының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Онда еріктілер ер адамның туыстары мен жақындарына көңіл айтқан.

Жоғалған ер адамның денесі табылғанын Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Ондағылар ер адамның өліміне байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша іс қозғалып, оқиғаның мәні-жайы анықталып жатқанын, осы жағдайға қатысты толық ақпарат кейін берілетінін айтып түсіндірді.

Айта кетсек, ер адам биылғы қазанның 6-да сағат 14:00 шамасында үйінен велосипедпен шығып, хабар-ошарсыз кеткен.

Келесі күні 7 қазанда Шортанды аудандық полиция бөліміне оның 42 жастағы әйелі хабарласып, із-түзсіз жоғалған күйеуі Сағындық Қасанайұлы Бимүрзеновты табуға көмек сұраған болатын.


Соңғы жаңалықтар