Із-түзсіз жоғалған СҚО тұрғынын үш ай бойы іздеп жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛОВСК. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 90 адамға іздеу жарияланды. Полицейлер олардың 67-сін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, еріктілердің қатысуымен жоғалған 260 адам бірінші тәулікте табылған.

«Петропавлда жыл басынан бері 27 адамға іздеу жарияланды. Олардың 26-сы табылды. Ал 28 тамызда хабар-ошарсыз кеткен 81 жастағы зейнеткер Надежда Агафонова әлі табылған жоқ. Полиция бөлімшелерінің кезекші бөлімдеріне іздеу қағаздары ілініп, департаменттің әлеуметтік желілерінде жарияланған», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Егде жастағы әйел таңғы сағат 8:00 шамасында үйінен шығып, «Жигули» деген жердегі саяжайға кеткен. Оның орналасқан жері әлі белгісіз. Ұмытшақтық ауруына шалдыққан. Ерекше белгілері: арықша келген, бойы шамамен 160-165 см, шашын ақ шалған, қысқа, көзінің түсі сұр. Қара шалбар, күрең барқыт жемпір киген, басына шымқай көк орамал таққан.

Полицейлер бұл әйелдің орналасқан жерін білетін адамдар болса, 102-ге хабарласуларын сұрайды.


Соңғы жаңалықтар