Із-түзсіз жоғалған Арқалық тұрғыны бір аптадан соң табылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Арқалық полицейлері із-түссіз жоғалған ер адамды тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылдың 23 қаңтарында Арқалық қаласының тұрғыны полицияға жүгініп, туысы Ермек Байқасовтың жоғалып кеткенін хабарлаған.

1974 жылы туған Байқасов Ермек Сағындықұлы Арқалық қаласындағы үйінен шығып кеткен.

Арқалық қаласы полиция басқармасының қызметкерлері оны бір апта бойы іздеді.

31 қаңтарда криминалдық полиция бөлімінің қызметкері Абзал Әбдірахманов қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұрбол Марқабайұлымен бірге 5 шағынауданда із-түзсіз жоғалған адамды тапты.

«Белгілі болғандай, ер адам жұмыс іздеп Ақмола облысына кеткен, алайда бұл туралы ешкімге ескертпеген. Өзімен бірге ұялы телефонын алмаған» делінген полиция хабарламасында.

Ермек Байқасовтың туыстары қырағылық танытқан тәртіп сақшыларына алғыс айтты.


Соңғы жаңалықтар