Із-түссіз жоғалып кеткен қостанайлық жастар Алматыдан табылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - 20 қаңтардан бері іздеу салынған қостанайлықтар аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Қостанай қаласының тұрғыны Мәдина Байзақова да 20 қаңтар күні із-түссіз жоғалып кеткен.

«Полицейлер жоғалып кеткен Мәдина Байзақова мен Елдос Дүйсеновтің мекенжайын анықтады. Ол екеуі Алматы қаласында жүрген. Қазіргі уақытта Мәдина Қостанай қаласына келді. Ал Елдос Дүйсенов Алматыда. Олардың жағдайлары жақсы», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қостанай қаласы ІІБ «Оңтүстік» бөлімінің полицейлері із-түссіз жоғалып кеткен Елдос Дүйсеновке іздеу жариялады.

Кейін оның анасы әлеуметтік желілер арқылы баласына бейнежазба жолдады.

Соңғы жаңалықтар