Із-түссіз кеткен қостанайлықтың денесі табылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 25 наурызынан бастап іздеу салынған Қостанай қаласының тұрғыны Талғат Есеевтің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратты.

«13 сәуір күні Қостанай қаласындағы пәтерлердің бірінде жертөле қабатынан Есеевтің мүрдесі табылды. Оның денесінде ұрып-соғу белгілері жоқ. Кісі өлімінің себептері анықталып жатыр. Сараптамалар тағайындалды», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.null

Қазір осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Еске салсақ, Қостанай облысының полиция департаменті екі ер адамға іздеу салған болатын.

Соңғы жаңалықтар