+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

ИЫҰ-ның келесі саммиті 2020 жылы Ташкентте өтеді

2017 жылғы 11 қыркүйек 17:08
Бөлісіңіз:
ИЫҰ-ның келесі саммиті 2020 жылы Ташкентте өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ислам ынтымақтастық ұйымының 2-ші саммиті 2020 жылы Ташкентте өтеді. Бұл туралы бүгін ИЫҰ саммиті аясында өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның ИЫҰ жанындағы тұрақты өкілі Бақыт Батыршаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ресми Ташкенттің ИЫҰ-ның келесі саммитін Өзбекстанда өткізу ұсынысына қатысты айтарым, бұл үлкен жетістік деп санауға болады. Өйткені, бір үлкен бастаманы екінші елдің қолдауы өте дұрыс қадам. 2020 жылы Ташкентте өткізу ұсынысына жалпы қолдау бар», - деді ол.

Батыршаевтың сөзіне қарағанда, ол Астана декларациясында анық жазылған.

«Ендігі ретте оның күнтәртібіне, мазмұнына, сонымен қатар жиында қандай мәселелер көтерілетіндігі қатысты процедуралық жұмыстар жүргізіледі. Екінші саммитке дейін біраз ауқымды жұмыс атқарылады. Жалпы, Астана декларациясында бұл мәселе анықталған», - деді Қазақстанның ИЫҰ жанындағы тұрақты өкілі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT