IWF Илья Ильинді дисквалификациялау мерзімін өзгертті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық спортшы Илья Ильинді спорттан шеттету мерзімін өзгертті. Бұл туралы ҚазАқпарат IWF сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Илья Ильиннің сынамасынан допинг табылып, 2008 және 2012 жылдары өткен Олимпиада ойындарының алтын жүлделерінен айырылған еді. IWF хабарлауына қарағанда, Қазақстандық спортшыны дисквалификациялау мерзімі 2018 жылдың 19 қазанында аяқталады.

Бұған дейін спорттан шеттету мерзімі 2016 жылдың 10 маусымында басталғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. 

Сондай-ақ, ҚазАқпарат тілшісі Илья Ильин 2020 жылғы Олимпиадаға қатысуы мүмкін екендігі туралы да жазған еді.

Еске сала кетсек, Халықаралық олимпиада комитеті қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің Бейжіңдегі және Лондондағы алтын медальдарын айыру туралы шешім шығарған болатын. ХОК-тың тәртіп комиссиясының шешіміне сәйкес «А» және «В» допинг сынамасының қорытындысы бойынша екі жазғы Олимпиада ойындарында чемпион атанған қазақстандық спортшы Илья Ильиннің бұған дейінгі көрсеткіштері жойылған.

Соңғы жаңалықтар