IWAS 2019 ойындары: Атыраулық теннисшілер 8 медаль еншіледі

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірлігінің Шардже қаласында бүкіләлемдік IWAS 2019 ойындары өтті. Иманалиева Гүлнар бастаған үстел теннисінен Атырау облысының төрт спортшысы сынға түсіп, 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль еншіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жұптық сайыста Әли Махұлбеков алматылық спортшымен бірге чемпион атанды. Жекелей абсолюттік сайыста да Әли барлық қарсыластарынан басым болып, екінші алтын медальді еншіледі.

Берекет Ақжігітов командалық сайыста Қостанай мен Павлодар спортшыларымен бірге күміс жүлдеге ие болды. Тағы бір күмісті Паразиада ойындарына қатысушы Ерлан Қазиев жекелей сайыста жеңіп алды.

Жұптық сайыста Ерлан Қазиев пен Кенгес Конгиев қола медальға ие болды. Одан бөлек жекелей сайыста Әли Махлубеков пен Кенгес Конгиев және Берекет Ақжігітов қола медальға ие болды.

Мүгедек спортшылар арасында өтетін әлемдік ойындар 2 жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Соңғы рет 2017 жылы Португалия елінде өтті.

Айта кетелік, қазіргі таңда атыраулық теннисшілер мүгедектер спортық клубында дайындалады.

Соңғы жаңалықтар