«Иволга Холдингтің» экс-басшысы алаяқтығы үшін сотта жауап береді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – «Иволга Холдинг» ЖШС бұрынғы басшысы Василий Розинов аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыстық іс Қостанай қаласының сотына келіп түскен.
«Қостанай қаласының №2 соты «Иволга-Холдинг» ЖШС бас директоры Василий Розиновке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177-бабы 4-бөлігінің «б» тармағы (1997 жылғы Қылмыстық кодекске енгізілген) бойынша қылмыстық іс қозғады. Атап айтқанда, ол ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілініп отыр» делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.
Басты сот процесі осы жылдың 17 қыркүйегінде өтеді.



Соңғы жаңалықтар