Иван Дычконың келесі кездесуі 42 жастағы америкалық бокс ардагерімен өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычконың (6-0, 6 КО) кәсіпқой бокстағы жетінші кездесуі 42 жастағы америкалық ардагер Морис Харриспен (26-21-3, 11 КО) өтетін болды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Иван Дычко мен Морис Харрис арасындағы жекпе-жек 6 шілде күні АҚШ-та өтеді.

Еске салайық, Дычконың соңғы айқасы Сент-Питерсбергте (Флорида штаты, АҚШ) тәжірибелі америкалық боксшы Майкл Морронемен өткен. Кездесу отандасымыздың бірінші раундта алдын ала жеңіске жетуімен аяқталған болатын.

Соңғы жаңалықтар