Иван Дычко полицейлерге шеберлік сабағын өткізді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының екі мәрте қола жүлдегері полицияның арнайы бөлімше қызметкерлеріне шеберлік сабағын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шеберлік сабағы «Динамо» дене шынықтыру және спорт басқармасының ғимаратында өтті.

«Полиция қызметкерлері, соның ішінде жедел әрекет ету арнайы жасағы күн сайын жауынгерлік даярлықпен айналысады. Атақты жерлестерімен өткен мастер-класс өте пайдалы және қызықты болды. Өйткені көптеген қызметкерлер спортпен кәсіби түрде шұғылданады. Жаттығулардан бөлек, полицейлер Иваннан үлкен бокстың тәсілдері туралы сұрады», - деді арнайы жасақ командирі, полиция майоры Жәнібек Мұхамеджанов.

«Мен өз білімім мен тәжірибеммен бөліскеніме қуаныштымын. Алдағы уақытта да мұндай шеберлік сабақтарына қатысуға ниеттімін», - дейді Иван Дычко.

Полиция майоры Қуаныш Бабақаевтың айтуынша, мұндай тәжірибе алмасу өте пайдалы. Бабақаевтың өзі жеке құрамды түрлі жарыстарға дайындап келеді. Сол себепті, полиция спортшыларының мүмкіндіктерін жақсы біледі.

«Чемпионмен жаттығудан кейін қосымша күш алып, сенімділік пайда болады. Біздің қызметкерлер арасында ел, Азия чемпиондары бар», - дейді арнайы жасақтың аға инспекторы Саламат Алматов.


Соңғы жаңалықтар