Иван Дычко келесі жекпе-жегін кіммен өткізетіндігі белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық аса ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычоның кәсіби рингтегі кезекті кездесуі кіммен өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Иван Дычоның қарсыласы болып 32 жастағы америкалық Майкл Маррон  (21-8, 15 КО) белгіленді. Жекпе-жек 16 маусымда Сент-Питерсбергте (АҚШ, Флорида штаты) өтеді.

Марроне өз карьерасында 18-0 рекордына қол жеткізген, сондай-ақ ол кезінде әлемнің бұрынғы чемпионы Шэннон Бриггспен рингте кездескенімен де мақтана алады.

Еске сала кетейік, Дычко  Голливудтағы (АҚШ, Флорида штаты) Seminole Hard Rock Hotel аренасында 24 наурызда өткен соңғы жекпе-жегінде америкалық боксшы Стивен Кирнонды бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын. 

Соңғы жаңалықтар