Иван Дычко келесі жекпе-жегін Голливудта өткізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычко (8-0, 8КО) келесі айқасын 12 шілдеде Голливудтағы (АҚШ, Флорида штаты) «Seminole Hard Rock Hotel and Casino» аренасында өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан кәсіпқой боксы» ВКонтакте парақшасында жарияланғандай, қазақстандықты 12 шілдеде бразилиялық Рафаэль Зумбано (39-16-1, 31КО) күтіп тұр. Айқас 8 раундық болады.

«2015 жылы бразилиялық боксшы америкалық кіші Энди Руиспен (33-1, 22КО) кездескен еді. Руис Нью-Йорке жақында ғана Энтони Джошуаны (22-1, 21КО) нокаутқа жіберіп, британдықтың ауыр салмақтағы WBO, WBA (Super), IBF және IBO титулдарын тартып алған болатын», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, соңғы айқасында жеңіліп көрмеген Иван Дычко америкалық Рэй Остинді үшінші раундта тізе бүктірген болатын. Айқас үш раундқа ғана созылды. Өзінен 20 жас үлкен, салмағы 29 келі ауыр Рэй Остин көпке барған жоқ. Өзінен жас әрі қайратты Иваннан үшінші раундта техникалық нокаут алды.

Соңғы жаңалықтар